ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫН

    1 / 2

    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫН

    Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте автомобиль жолдарының қысқы маусымға дайындығы қаралды. Жиында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қардан тазалау, көктайғақтың алдын алу, арнайы техникалар мен қажетті материалдардың дайындығы талқыланды. Облыс әкімі жауапты мекеме басшыларына нақты міндеттер жүктеді.

    – Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажет. Бұл – еліміздің өсіп-өркендеуіне ықпал ететін маңызды фактордың бірі» деді. Осыған сәйкес, жол инфрақұрылымын дамыту және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі жүргізуіміз керек. Әсіресе, қысқы кезеңде жолдардағы қауіпті учаскелерді алдын ала анықтап, қажетті техника мен жеке құрамның дайындығын қамтамасыз ету, қосымша инженерлік шараларды қабылдау жұмыстарын басты назарда ұстау қажет. Облыс аумағындағы автомобиль жолдарының қысқы мерзімге дайындығын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырамын. Қажет болған жағдайда қосымша техника мен жұмыс күшін тартып, инертті материалдар мен жанар-жағармайдың резервтік қорын ұлғайту қажет. Қысқы маусымда барлық деңгейдегі автомобиль жолдарында атқарылатын жұмыстардың нақты жоспары бекітілсін. Мереке күндері аудан, қала бөлінісінде тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылып, әсіресе асулар мен қауіпті учаскелерде жоғары деңгейдегі дайындық қамтамасыз етілсін. Қауіпті учаскелерге тұрақты түрде рейдтік шаралар жүргізіліп, жол қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті арнайы техникалар жеткілікті болуға тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.

    Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 692 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 678 шақырым, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар – 3 983,3 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 1 726 шақырым, елді мекен көшелері – 11 305 шақырым.

    Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, 2026-2027 жылдардағы қысқы маусымда жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына 402 арнайы техника мен 1 068 жұмысшы жұмылдырылады. Қысқы дайындық аясында 505,1 млн теңге қаралып, 21 658 текше метр құм және 9686 тонна тұз әзірленген. Сонымен қатар жолдарды тазалау және көктайғаққа қарсы жұмыстарға қажетті жанар-жағармай қоры жасақталған.

    Ауа райы қолайсыз болған жағдайда жолда қалып қойған жолаушыларға көмек көрсету үшін Бәйдібек ауданындағы Шыбықбел, Одаманбұлақ және Созақ ауданындағы Ащысай, Таскөмірсай асуларында төрт жылыту бекеті дайындалған. Олар көмірмен, азық-түлікпен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Кезекшілік ұйымдастырылып, бекеттер бір мезгілде 70 адамды қабылдай алады.

    «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының мәліметінше, өңір аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 678 шақырымды құрайды. Оның 301,5 шақырымы ақылы, 376,5 шақырымы ақысыз жолдар. Қысқы маусымда осы бағыттарды күтіп-ұстауға 62 арнайы техника мен 186 жұмысшы жұмылдырылады. Техникалар қатарында 25 кешенді жол машинасы, 12 жүк тиегіш, 8 автогрейдер және өзге де арнайы көліктер бар. Биыл жолдарды күтіп-ұстауға қажетті 7 мың текше метр құм мен 6 мың тонна тұз толық көлемде сатып алынған. Сонымен қатар жол пайдалану бөлімшелері мен пункттерді жылыту үшін 90 тонна көмір әзірленген.

    Жиында қысқы маусымда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қар тазалау жұмыстарын жедел ұйымдастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылып, жауапты мекемелер мен аудан, қала әкімдеріне нақты тапсырмадар берілді.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    _____

    АВТОМОБИЛЬНЫЕ ДОРОГИ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ГОТОВЫ К ЗИМНЕМУ СЕЗОНУ

    На аппаратном совещании под председательством акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова была рассмотрена готовность автомобильных дорог к зимнему сезону. На заседании обсуждались вопросы очистки дорог республиканского, областного и районного значения от снега, предотвращения гололеда, готовности спецтехники и необходимых материалов. Аким области дал конкретные поручения руководителям ответственных учреждений.

    - В своем Послании в этом году Глава государства сказал: «Необходимо уделить особое внимание развитию логистической инфраструктуры. Это один из важных факторов, способствующих росту и процветанию страны». В соответствии с этим, мы должны системно проводить работы по развитию дорожной инфраструктуры и обеспечению ее безопасности. Особенно в зимний период необходимо заранее выявлять опасные участки на дорогах, обеспечивать готовность необходимой техники и личного состава, держать на особом контроле принятие дополнительных инженерных мер. Поручаю держать на постоянном контроле подготовку автомобильных дорог на территории области к зимнему периоду. В случае необходимости нужно привлечь дополнительную технику и рабочую силу, увеличить резервный запас инертных материалов и ГСМ. Должен быть утвержден конкретный план работ, проводимых на автомобильных дорогах всех уровней в зимний сезон. В праздничные дни необходимо организовывать круглосуточное дежурство в разрезе районов и городов и обеспечивать высокий уровень готовности, особенно на перевалах и опасных участках. На опасных участках должны регулярно проводиться рейдовые мероприятия, должно быть достаточно спецтехники, необходимой для обеспечения бесперебойного дорожного движения, - сказал Н. Кушеров.

    Общая протяженность автодорог в регионе составляет 17 692 километра, из них 678 км - это дороги республиканского значения, 3 983,3 км - областного и районного значения, 1 726 км - районного значения и 11 305 км - это улицы населенных пунктов.

    По данным областного управления пассажирского транспорта и автомобильных дорог, в зимний сезон 2026-2027 годов в работах по содержанию дорог будут задействованы 402 единицы спецтехники и 1 608 рабочих. В рамках зимней подготовки предусмотрено 505,1 млн тенге, заготовлено 21 658 кубометров песка и 9686 тонн соли. Кроме того, сформирован запас ГСМ, необходимый для работ по очистке дорог и против гололеда.

    На случай неблагоприятных погодных условий для оказания помощи пассажирам, оставшимся на дорогах, подготовлены четыре пункта обогрева: на перевалах Шыбыкбель, Одаманбулак в Байдибекском районе и Ащысай, Таскомырсай - в Сузакском. Они обеспечены углем, продуктами питания и необходимым оборудованием. Организовано дежурство, пункты могут одновременно принять 70 человек.

    По данным Туркестанского областного филиала АО «НК «КазАвтоЖол», протяженность автомобильных дорог республиканского значения на территории региона составляет 678 километров, из них 301,5 км – платные, 376,5 км – бесплатные дороги. В зимний сезон в содержании этих направлений будут задействованы 62 единицы спецтехники и 186 рабочих. В числе техники – 25 комплексных дорожных машин, 12 погрузчиков, восемь автогрейдеров и другая спецтехника. В этом году для содержания дорог в полном объеме закуплено 7 тысяч кубометров песка и 6 тысяч тонн соли. Кроме того, для отопления дорожно-эксплуатационных подразделений и пунктов заготовлено 90 тонн угля.

    На совещании особое внимание было уделено вопросам обеспечения безопасности дорожного движения в зимний сезон, оперативной организации работ по уборке снега и предотвращения чрезвычайных ситуаций, даны конкретные поручения ответственным учреждениям и акимам районов и городов.

    Пресс-служба акима Туркестанской области

    Подписывайтесь на memleket.kz в соцсетях

    Важные новости Казахстана и полезные материалы — на удобной вам площадке.

    Похожие материалы

    Новости "Аппарат акима Балтакольского сельского округа Отырарского района Туркестанской области"