1 / 2
Оқиға сағат 23:00 шамасында Алматы – Өскемен автожолының 515-шақырымында болған. Өскемен қаласына қарай бағыт алған автокөліктің жанармайы таусылып, жүргізуші жол жиегіне тоқтауға мәжбүр болған.
Көмекке патрульдік полиция батальонының инспекторлары – полиция капитаны Ринат Рахымбеков пен полиция аға лейтенанты Айбат Черниязов келді.
Полицейлер алдымен автокөлікті қауіпсіз жерге жылжытуға көмектесіп, кейін жақын маңдағы жанармай құю бекетінен бензин жеткізіп берген.
Уақтылы көрсетілген көмектің арқасында жүргізуші сапарын жалғастыруға мүмкіндік алды.
Қиын сәтте азаматтарға қол ұшын созу – полицей қызметінің ажырамас бөлігі.
Подписывайтесь на memleket.kz в соцсетях
Важные новости Казахстана и полезные материалы — на удобной вам площадке.








